тикток, әлеуметтік желі,

Қазақстанда қанша адам TikTok пайдаланатыны белгілі болды

Ресейдегі TikTok әлеуметтік желісінің бас директоры Сергей Соколов пен Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров кездесіп, әлуметтік желі төңірегінде пікір алмасты.

Қазіргі кезде барлық елдерде танымал, ең жылдам дамып келе жатқан және ең көп жүктелген әлеуметтік желілердің бірі-TikTok. Ол 2018 жылдың жаз айында іске қосылған болатын. Бар болғаны 4 жылдың ішінде ТikТоk өз қолданушыларына ойын-сауық контентпен қатар, пайдалы әрі мазмұнды контент ұсына бастаған.

Қазіргі уақытта ТikTok қолданушыларды қамту жағынан Instagram және Facebook әлеуметтік желілерімен қатар тұратын танымал платформа. Асқар Омаров Қазақстанда отандық блогерлердің белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті. Сергей Соколовтың сөзінше, ТikТоk платформасын бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қолданады. Ал, Қазақстанда ТikТоk-тың 7 млн-нан астам пайдаланушысы бар екен. Сондай-ақ, танымдық контентті күшейту туралы ұсынысты қолдай отырып, Қазақстанда тарих, туризм, мәдениет, білім және ғылым, театрлар мен мұражайлар туралы мазмұнды контент қалыптастыратын жаңа бірлескен жобаларды іске асуда.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар өзара тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.


Талқылау