пайдалы қазба, кен орындары, қазақстан,

Қазақстанда қанша кен орны бар екені белгілі болды

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев қазіргі таңда елімізде 8711 кен орны бар екенін мәлімдеді.

Атап айтқанда, көмірсутек бойынша – 317, қатты пайдалы қазба – 910, жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша 3160 және жерасты сулары кен орындары – 4324-ті құрайды. Мұнайдың А+В+С1+С2 санаттары бойынша теңгерімдік қоры 4,4 млрд тонна, газ қоры – 2,1 трлн м3, конденсат – 416,2 млн тоннаға тең. Айта кетері олардың басым көпшілігі – 75%-ы – Атырау мен 11%-ы Маңғыстау облыстарында екен. Көмірсутек шикізаты қорының 68%-ы 3 ірі кен орындары: Теңіз, Қашаған мен Қарашығанаққа тиесілі, -  комитет төрағасы.


Талқылау

Ұсыныстар
Министр: Балық экспорты көлемін арттыруды көздеп отырмыз
14қараша

Министр: Балық экспорты көлемін арттыруды көздеп отырмыз

Экология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев балық шаруашылығында оқыған жастарды мамандық бойынша кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды. Министр сөзінше бұл салаға білікті мамандар жетіспейді.

13:50