
Редакция
13:15
Қазақстанда барлық өңір «қызыл» аймақтан шықты
Елімізде «қызыл» аймақтан тұрған жалғыз өңір Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, деп Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
6 желтоқсандағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес барлық облыс «қызыл» аймақтан шықты. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта. Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта.