мектеп, орамал, білім, оқу, хиджап,

Қазақстанда енді оқушы қыздарға мектепке орамал тағып келуге рұқсат берілуі мүмкін

Министрдің сөзінше білім ордаларында орамал тағу мәселесі жиі қозғалып келеді. Қазақстанда ғана емес, өзге де елдерде осыған қатысты талқылаулар жүріп жатқанын атап өтті.

"Қазақстан-зайырлы мемлекет мектеп те зайырлы мекеме. Елімізде 2016 жылы қабылданған бұйрық бойынша талаптар да бар. Дегенмен, әр түрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды. Мысалы, біз ата-анасы бас киім таға алмағандықтан мектепке бара алмай жүрген қыздардың мәселесін қарастыра алар едік. Осы себептердің әсерінен балалар мектепке бара алмаса немесе қашықтан оқуға мәжбүр болса, бұл кері әсер етеді. Ал, біз инклюзивті қоғам болуымыз керек", –  деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, 2016 жылы Білім және ғылым министрлігінің "Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрығы шыққан болатын. Құжатқа сәйкес мектеп формасына пиджак, шалбар, жейде, белдемше кіреді. Мектепте орамал тағуға тыйым салынады. Бұл үшін айыппұл салынады.

Жаңа ережелер ел тұрғындарының наразылығын тудыруда. Қазақстандық мектептерде орамал тағуға тыйым салынғандықтан енді кейбір білім алушылар онлайн ресейлік мектептерде оқуға көше бастады.


Талқылау