Қазақстан темір жолы, Жолаушылар тасымалы, пойыз, әйелдер вагоны, билет,

Қазақстанда «әйелдер» вагондарына билеттер сатыла бастады

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ 10 қазаннан бастап «әйелдер» вагондарына билеттер сатылымы іске қосылғандығы туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта аталған жоба бойынша №77 / 78 «Алматы - Маңғыстау» және №351 / 352 «Алматы-1 - Өскемен» жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны іске қосылды. Алғашқы рейске (№77 - 58п. Пойызы, №351– 34п. Пойызы) «әйелдер» вагонына 92 жолаушы билет сатып алды. Алдағы уақытта сұраныс арта түссе компания елдегі маршруттардың ауқымын кеңейтуге және өз клиенттері тарапынан ұсыныстарға дайын екенін айтып өтті.

«BILET.RAILWAYS.KZ сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» А билет кассаларында темір жол билеттерін рәсімдеу кезінде «ЖН» (әйел) белгісі көрсетіледі. Сондықтан ер жолаушылар пойыз билеттерін сатып алғанда абай болған жөн. Бұл ретте аталған вагонға еріп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды ресімдеуге рұқсат етіледі», деп жазылған хабарламада.


Талқылау