
Редакция
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды кез-келген зиратта жерлеуге рұқсат берілді
ҚР Денсаулық министрі Алексей Цой COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгергенін мәлімдеді.
Бұрын қатаң белгіленген жерлерде жерленсе, енді елімізде коронавирустан қайтыс болғандарды кез-келген зираттарда жерленеді.
- Коронавирус инфекциясынан көз жұмғандарды жерлеудің қолданыстағы тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық, эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, марқұмдарды кез келген зиратқа жерлеуге рұқсат етіледі, - деді министр Орталық коммуникациялар брифингінде.
Сондай-ақ, брифингте министр Алексей Цой коронавирус және пневмониямен ауыратындарды емдеу үшін тамыздың соңына дейін 10 мың орын қамтамасыз етілетінін айтты. Сонымен қатар, жақын арада мыңға жуық жасанды желдету апараттары мен COVID-19 тестілеулері келмек.