теледидар, телеарна, радио,

Қазақстанда теледидар мен радио уақытша жұмысын тоқтатады

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - 20 қазанда сағат 03.00-ден 17.00 -ге дейін бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио жұмыс істемейді. Бұл туралы Halyqnews "Казтелерадио" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Телерадиоарналардың ретрансляциясын тоқтату кезінде профилактикалық жұмыстар жоспарланған.

"Бұл жұмыстар теледидар мен радиохабардың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қажет. Егер тоқсан сайын жоспарланған профилактикалық жұмыстар бұл қызметті ұзақ уақытқа өшіруге алып келетінін ескерсек, осы кезеңде техникалық құралдарды жаңарту бойынша қосымша жұмыстар жүргізілмек. Біз уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз",- делінген хабарламада.


Талқылау