утилизация, көлік тапсыру, ескі көлік,

Қазақстанда жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі

12 қазаннан бастап ӨКМ Операторы Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің келісімімен ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Бұдан былай тозығы жеткен жүк және жолаушылар көлігін тапсыратындарға да ақшалай өтемақы беріледі.

ӨКМ Операторы мәліметінше, берілетін ақша тапсырылатын көліктердің санатына байланысты айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша бағаланады.

-        М2, N1 (салмағы 1,3 тоннадан кем көлік құралын қоспағанда) және N2 санатындағы көлік құралдарына 144 АЕК (400 032 теңге) беріледі.

-        Осы санаттағы толық емес жиынтықтағы көліктерге 126 АЕК (350 028 теңге) төленеді. 

-        Ауыр салмақтағы жүк көліктері (М3, N3 санаты) 600 мың теңгеден (216 АЕК) 550 мың теңгеге (198 АЕК) дейін бағаланады.

Көлік тапсырғандардың банктік шотына екі күн ішінде ақша аударылады. Сондай-ақ, көлікті жеңілдік сертификатына алмастыру бағдарламасы уақытша тоқтатылады. Естеріңізге салайық, істен шыққан көлік құралдарын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламысы іске қосылғаннан бері Қазақстан бойынша 150 мыңға жуық көлік жоюға тапсырылды. Оның ішінде 2596 дана орташа тонналық техника, 600-ге жуық ауыр салмақтағы көлік құралдары бар. Қабылданған барлық машина Қарағандыдағы ескі көліктерді қайта өңдейтін зауытқа жіберіледі.


Талқылау