павлодар, ертіс, футбол,

Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылады

Павлодарда жаңа футбол клубы құрылды, деп хабарлайды Halyqnews Kazfootball-ға сілтеме жасап.

Бейресми мәліметтерге сәйкес клуб «Павлодар» атауын алмақ.

Клубтың құрамы әлі қалыптасқан жоқ, бірақ жаңа клубтың мақсаты айқын: 2021 жылы Екінші лигада дебют, ал 2023 жылы Премьер-лигада ойнау», - делінген хабарламада.

2020 жылдың маусымында де-факто (Қазақстанда қазан айына дейін компанияларды банкрот деп жариялауға тыйым салынады) Қазақстанның бес дүркін чемпионы Павлодардан шыққан «Ертіс» таратылды.  Клубтың турнирден кетуіне қаржылық қиындықтар себеп болған еді.


Талқылау