өрт, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдай,

Қазақстанда жыл сайын өрт салдарынан 400-ге жуық адам қаза табады

Ел аумағында жыл сайын 12 мыңға жуық тұрғын үй алаптарының өрті тіркеледі. Сол себепті жергілікті органдар министрлікпен бірлесіп алдын алу шараларының кешенді жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министрі Күлдіков Марат баяндады.

Вице-министр атап өткендей, өрт қаупін, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту мақсатында төтенше жағдайлар министрлігі профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатқандығын мәлімдеді.

Елімізде жыл сайын 12 мыңнан астам өрт болып, салдарынан 400-ге жуық адам қаза табады. Бұл ретте өрт пен өлімнің көп таралуы тұрғын үй секторларында көбірек тіркелген. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап республикамызда жаппай жылу беру маусымы басталған. Биылғы жылдың өзінде елімізде 835 өрт тіркеліп, оның ішінде 16 адам қаза тапқан. Дегенмен, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен нәтиже екендігін мәлімдеді.

Мәселен, бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігін сақтамау фактісі бойынша әлеуметтік осал топта 106 мыңнан астам тұрғын үй тіркелгені мәлім болды. Республика бойынша алты жүз мыңнан астам рейдтер жүргізіліп, жүз мыңнан астам өрт қауіпсіздігін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, жылу құрылғыларының жанында жанғыш материалдарды дұрыс сақтамау, пештің үстінде заттарды кептіру және т.б. заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі орнында жойылып, қалғандары бойынша ескертулер берілді.

«Көмірқышқыл газымен улану немесе жану өнімдерінің қайғылы зардаптарын азайту мақсатында жеке тұрғын үйлерде көміртегі тотығы датчиктерін орнату қолға алынды. Олардың хабарлауының арқасында 170-ке жуық азаматтың өмірі сақталды»,-деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Күлдіков Марат.

Гүлім Муратали


Талқылау

Ұсыныстар
Билік Екібастұздағы жағдайды жасырып қалғысы келе ме?
1желтоқсан

Билік Екібастұздағы жағдайды жасырып қалғысы келе ме?

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының айтуынша Павлодарлық және республикалық БАҚ журналистері Екібастұздағы жағдай туралы ресми ақпарат көздерінің жұмысына наразылығын білдіруде.

17:45