педофил, бостандық, үкім,

Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады

Бұл туралы 24.kz хабарлады. Қылмыскерлерді еркіндікке жібергеннен кейін мінез-құлқына байланысты  алты айдан үш жылға дейін полицияның бақылауында болады. Зорлық-зомбылық жасағандарға мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалмайды.   

Алайда бұл жаңалықты естіген психологтар мен құқық қорғаушылар дабыл қағып отыр. Айтуларынша педофилдер бостандыққа  шыққаннан кейін де қылмыс жасауы мүмкін. Статистикаға сәйкес қазіргі таңда 2 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатса, олардың 20%-ы қылмысын бірнеше мәрте қайталаған. 2020 жылы тек балаларға қатысты 300-ден астам зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда ата-аналар болған оқиғаны жасырып қалады.

Зорлық – зомбылыққа ұшыраған балалардың психологиясына үлкен зақым келеді. Оны емдеу үшін ұзақ уақыт бойы мамандармен жұмыс істеу керек. Мұндай жағдайға тек қыз балалар ғана емес ұлдар да тап болып жатады дейді «Қорғау Астана» қорының жетекшісі Анна Рыль.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы Бибігүл Мұңайтпасованың айтуынша пенитенциарлық пробация заңдарына сәйкес, қылмыскерді бостандыққа шығарар алдында бір жыл бұрын дайындық басталады. Сотталған адамның құжаттары ресімделеді, зейнетақы немесе жәрдемақы алу бойынша көмек көрсетіледі.


Талқылау