qazvac, ауғанстан, қазақстан, сыртқы саясат,

Қазақстандық делегация Ауғанстанда болып қайтты

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Биылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар аясында Арнаулы өкіл Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадармен және Амир Хан Мутаккимен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның ауған халқына көрсетіп жатқан гуманитарлық көмегі мен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Еліміздің делегациясының басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жеткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ Ержан Қазыхан Қазақстанның ауған тарапына отандық QazVac вакцинасын беру туралы ұсынысын жеткізді.

Арнаулы өкіл Қазақстанның БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Ауғанстан халқына жеткізілетін гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту мақсатында қабылдап жатқан шаралары туралы айтты. Өз кезегінде ауған тарапы көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдіріп, Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге еліміздің елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.


Талқылау

Ұсыныстар
Өзбекстанға мобильді телефондарды қандай мемлекеттерден жиі алып кіреді
29қараша

Өзбекстанға мобильді телефондарды қандай мемлекеттерден жиі алып кіреді

12:13