Қазақстандық Әли Мохаммед Салахпен жаттығу жасады

Қазақстандық Әли Мохаммед Салахпен жаттығу жасады

Нұр-Сұлтан тұрғыны Әли Тұрғанбеков «Ливерпуль» және «Челси» командаларының УЕФА Суперкубогы алдындағы жабық жаттығуына қатысты. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жариялады.

 Әли жаттығу барысында Мохаммед Салахпен қатар, Юрген Клопп, Роберто Фирмино, Оливье Жиру, Кепа Аррисабалагамен кездесті.  

   

   Ол осыған дейін УЕФА Суперкубогына шақырту алғанын жазған болатын.  

  Достар, мені Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының өткен маусымдағы жеңімпаздары - «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өтетін УЕФА Суперкубогына шақырды. Мен ерекше қуаныштымын. УЕФА басшылығына және Қайрат Советайұлына алғыс білдіремін. Ол маған осы естен кетпес сәттерді сыйлады. Ғажайыптар, армандар орындалады, - дейді Әли.


Талқылау