QazCovid, QAZVAC, вакцина, егілу, Алексей Цой, Спутник V, казвак,

Қазақстандық «QazVac» вакцинасы салына бастады

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласындағы емханалардың бірінде КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен егілді, деп хабарлады 24.kz.

Қазіргі таңда еліміздің өзге өңірлеріне препараттың 50 мың дозасы жөнелтілді. Нұр-Сұлтан, Алматы 6 мың, Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына 4 мың доза жеткізілуі тиіс.

Қазақстандық вакцинаны Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан бөлек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Президент көмекшісі Ерлан Қарин және тағы басқа шенеуніктер салдырды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстандық вакцинаның Ресейлік Спутник V вакцинасынан айырмашылығы, бір QAZVAC құтысы бір адамға арналған.


Талқылау

Ұсыныстар
Вакцина салдырғандар коронавируспен ауырады ма?
23шілде

Вакцина салдырғандар коронавируспен ауырады ма?

Вакцина салдырғаннан кейін ауырғандар бар. Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялык-эпидемиологиялык бакылау департаментінің бөлім басшысы З.Есенгараева мәлімдеді.

17:38
Коронавирустан қауіпті саналған Дельта штамының белгілері қандай?
30шілде

Коронавирустан қауіпті саналған Дельта штамының белгілері қандай?

15:45