қаржы, зейнетақы, инвестиция,

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қашан инвестициялай алады

Жансая Нурбекова, Алматы (H-news.kz). Келесі аптадан бастап Қазақстан азаматтары жинақталған зейнетақы қаражатын жеке басқарушы компаниялардың басқаруына бере алады. Бұл туралы сәрсенбіде брифинг барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу мәлімдеді.

«Зейнетақы жинақтарын басқаруды жоспарлап отырған жекелеген басқарушы компаниялар БЖЗҚ-мен зейнетақы жинақтарын сенімді басқару бойынша шарттар жасасу жұмысын бастап кетті. Келесі аптада біз бұл опция салымшыларға қол жетімді болады деп күтеміз»,- деді Еділ Медеу баспасөз брифингі кезінде.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның мәлімдеуінше, Қазақстанда қазір 18 басқарушы компанияның алтауы зейнетақы жинақтарын басқару құқығын пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін, компаниялар БЖЗҚ-мен оларды басқару туралы қосымша келісім жасасуы керек.

Бұған дейін агенттікте жинақ ақшаны мерзімінен бұрын алу шеңберінде, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын басқаруға рұқсат етілуі мүмкін алты компанияны атаған:

1) АО «First Heartland Jysan Invest»;

 2) АО «BCC Invest» - дочерняя организация АО «Банк ЦентрКредит»;

3) АО «Halyk Global Markets» (ДО АО «Народный Банк Казахстана»);

4) АО «ДО Народного Банка Казахстана «Halyk Finance»;

5) АО «First Heartland Capital»;

 6) АО «Сентрас Секьюритиз»;


Талқылау

Ұсыныстар
Биткоин бағасы жаңа рекорд орнатты
10ақпан

Биткоин бағасы жаңа рекорд орнатты

Жансая Нурбекова, Алматы (H-news.kz). Биткоиннің бағасы алғаш рет 47 мың доллардан асып түсті. Қарқынды өсу Тесла компаниясының жаңартылған инвестициялық саясат шеңберінде осы криптовалютаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салатынын жариялағаннан кейін басталды.

11:45