стелс-омикрон, штамм, вирус, денсаулық, қазақстан,

Қазақстанның 12 облысында «стелс-омикрон» штаммы анықталды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

"Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларындағы ПТР скринингінің қорытындысы бойынша коронавирустық инфекцияның әртүрлі штаммдарының айналымы белгіленді. Барлық облыстарда омикрондық штамм – 98,6 пайыз, оның ішінде 12 облыста "стелс-омикрон" анықталды. 36,7 Дельта штаммының айналымы да жалғасуда және зерттелген үлгілер санының 1,4 пайызын құрайды", - деген хабарламада.

ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін бүкіл геномды секвенирлеу жүргізілуде, ол мамыр айының соңына дейін аяқталады, деді Денсаулық сақтау министрлігі.

"Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, министрлік коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алып, ревакцинация жасауды ұсынады. Алты ай және одан да көп уақыт бұрын екпе курсын алған адамдар қайта вакцинациялануы қажет екендігін айтты. Қазіргі уақытта Қазақстандықтар вакцинаның үш түрімен (Pfizer, Sinopharm және QazVac) вакцинациялана алады, оның екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған", - деп хабарлады министрлік.

"Стелс” штаммын жұқтырған кезде қызудың көтерілуі, үздіксіз жөтел, иіс пен дәмнің жоғалуы немесе өзгеруі сияқты белгілер байқалады. Ұлыбританияның денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі бастапқы "омикрондағы" ауырсыну көріністерімен "стелс омикрон" белгілерінің ұқсастығын атап айтты.


Талқылау

Ұсыныстар
Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады
8маусым

Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады

11:57
Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматқа қылмыстық іс қозғалды
6маусым

Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматқа қылмыстық іс қозғалды

17:27