азық-түлік, мамин, қымбатшылық,

Азық-түлік бағасы 10,4%-ға өскен

ҚР Премьер - Министрі Асқар Мамин үкімет отырысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша бірнеше жұмыс тапсырды.

Статистикаға сүйенсек, 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары барлық өңірлерде шекті бағадан асып кеткен. Өңір бойынша осындай 67 жағдай тіркелген. 2018 жылға қарағанда тауар өсімі 10,4%-ға өскен.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген бағаны тұрақтандыру жөніндігі шара әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіру мөлшерін көтеруін, электрондық сауданың жоғары деңгейге жетуін, өнімнің сатылуы мен сақталуын қамтиды.

Үкімет басшысының баяндауы бойынша, 2019 жылы қабылданған шаралар іс-жүзінде нәтижесін беріп жатыр.

-2019 жылдың қараша айында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге бағаның өсімі 1,1%-ды құрады, ал желтоқсан айында бұл көрсеткіш 0,1%-ға түсті. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің субсидия алу кезіндегі міндеті халықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ете алуы қажет, - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр өткен жылы бағаны тұрақтандыру аясындда жасалуы керек жұмыстардың олқылықтары үшін осы іске міндеттілер жауапкершілікке тартылғанын ескертті.


Талқылау