Evocco, Дублин, экология, климат,

Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Азық-түлік өндірісі мен оның таралуы бүкіл парниктік газдар шығарындыларының шамамен үштен бірін құрайды. Бірақ тұтынушуға тамақтанатын заттарының климатқа әсерін өлшеу қиын.

Дегенмен Дублинде орналасқан Evocco деп аталатын стартап оны көп ұзамай жеңілдетуі мүмкін. «Бұл адамға азық-түлік сатып аларда өнімнің климаттық әсерін бақылауға мүмкіндік береді», - дейді құрылтайшы Хью Уэлдон CNN Business-ке берген сұхбатында.

Пайдаланушылар Evocco деп аталатын мобильдік бағдарламасы арқылы азық-түлік түбіртектерін суретке түсіреді. Ондағы мәтінді машиналық үрдіс оқи отырып, өнімдер жайлы ақпаратты шығарады. Нәтижесінде Evocco өнімің қаншалықты көміртекті екенін дүкеннің орналасқан жерін, тағамның түрін, массасын және шыққан жерін дерекқормен тексеру арқылы есептеп береді.

Қазіргі уақытта бағдарлама тек Ұлыбритания мен Ирландияда ғана қолжетімді. 2020 жылы IBM (IBM) жүргізген сауалнамаға сәйкес, тұтынушылардың кем дегенде 57%-ы қоршаған ортаға әсерін азайту үшін сатып алу әдеттерін өзгертті. Бостон Консалтинг Тобынан жүргізілген бөлек сауалнама тұтынушылардың 95% -ы өздерінің жеке іс-әрекеттері климаттың өзгеруіне қарсы тұруға көмектеседі деп санайды.


Талқылау