алматы, сағынтаев, ағаш кесу, жасыл алматы,

Б.Сағынтаев: Кейбір кәсіпкерлер түнжамылып ағаш кесіп жүр

2022 жылы бір адамға есептегендегі жасыл желектердің ауданы 11 шаршы метрді құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Былтыр «Жасыл Алматы» бағдарламасы бойынша  3 жылда 1 миллион жасыл ағаш отырғызамыз деген жоспар болған. Жоспарға сәйкес, мектептер төңірегінде, қаланың өзге де аумақтарында жұмыс атқарылды. Көктемде карантин болғандықтан, бұл жұмыстар тоқтап қалды. Ал күзде 250 түп ағаш отырғызылды», - деді әкім.

Сондай-ақ, Сағынтаев Sulpak дүкені маңында кесілген түп ағаштар бұл жоспарға қайшы келуі мүмкін дегенге қатысты пікір білдірді.

«Sulpak бұл жоспарға қайшы дүние болды ма? Алматы қайтадан «жасыл қала» болуға талпынып жатқанда кейбір кәсіпкерлер түнделетіп іс шара жүргізіп жатқаны барша елдің ашу-ызасын келтірді. Біз кәсіпкерлерді үнемі жұмыла жұмыс істеуге шақырамыз. Ал, олардың кейбірінің түн жамылып келіп ағаш кесетіні қынжылтатын жағдай».


Талқылау