Ақш, НАТО, Ресей, Украина, химиляқ қару,

Байден: Егер Ресей химиялық қару қолданса, НАТО да қарымта жауап береді

АҚШ президенті Джо Байден, егер Ресей химиялық қару қолданатын болса, НАТО да «есе» қайтарады деп мәлімдеді.

Байден бұл туралы Брюсселде өткен саммит кезінде айтты деп, хабарлайды BBC.

Содай-ақ, саммит барысында Джо Байден химиялық қару қолданылған жағдайда қандай санкциялар немесе шаралар қолдау керектігін талқылады. Және АҚШ басшысы Европа мемлекеттеріне Ресейдің табиғи газынан бас тартып, тәуелділікті азайтудың жолдарын қарастыратынын айтты. Бұдан бөлек, НАТО-ның жаңа төрт әскери тобы Венгрия, Словакия, Румыния, Болгария елдеріне қарай бет алғаны айтылды.

Батыс елдері бұған дейін Ресейдің Украинаға қарсы химиялық қару қолдануы әбден мүмкін екенін ескерткен еді. Өйткені, әскери операция тым ұзаққа созылып келеді.

Сонымен қатар, бүгін АҚШ президентінің 2 миллионнан астам украиналық босып келген Польшаға сапары жоспарланған. Осыған орай, Джо Байден американың 100 000 украиналықты қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бері, 3,6 миллионнан астам украиналық елден босып кеткен. Оның 2 174 000 Польшаға, 564 000 Румынияға, 374 000 Молдоваға, 331 000 Венгрияға, 271 000 Ресейге, 260 000 Словакияға, 6 000 Белорусияға кеткен.

 


Талқылау