балабақша, аттестат, Асхат Аймағамбетов, бала құқығы,

Балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймахамбетов Қазақстандағы балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту керек екендігін мәлімдеді. Айтуынша, мекемелерде орнатылған камералардың арқасында балалардың құқықтары бұзылған.

Асхат Аймағамбетов он жылдан астам уақыт бұрын балабақшалар санының жылдам көбейту үшін лицензиялаудан, мемлекеттік бақылаудан, мониторингтен және олардың қызметін реттеуден бас тарту туралы шешім қабылданғанын атап өтті. 

“ Нәтиже бойынша жекеменшік балабақшалар саны күрт артып, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар бірден 99%-ға дейін қамтылды. Бұл – жақсы нәтиже. Дегенмен де, сапа мәселесі көңіл толарлықтай болмай тұр. Балабақшаларда техникалық және санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттар мен білікті мамандары жоқ. Мұндай фактілер жеткілікті”, – деді Аймағамбетов. 

Сондай- ақ, 2021 жылы соңғы аттестация нәтижесіде көңілден шықпады. Себебі, балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмағанын айтты министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, балабақшадағы балаларға қолайлы жағдай жасалмауы және де мемлекеттік білім беру стандартына, қауіпсіздік техникасы, өрт және санитарлық нормалардың талаптарға сәйкес келмеуі, тәрбиешілердің бүлдіршіндерге қол көтеруі, бірқатар келеңсіз фактілер басты мәселеге айналған.

Сол себепті негізгі бес бағыт бойынша жұмыс атқарылуда. Олар:

1. Лицензиялауды қайтару. Бұл мәселе бойынша депутаттардың, қоғам мен мемлекеттік органдардың қолдауына үміт артамыз;

2. Жұмыс жағдайлары мен сапасын тексеріп, барлық балабақшаны аттестациялаудан өткізу;

3. Балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға қойылатын талаптарды күшейту;

4. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру.  Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру;

5. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту.


Талқылау