алматы, Бақтыгүл Қыдырбаева, жаназа,

Балаларымен 9-қабаттан секіріп қайтыс болған келіншекті жер қойнына тапсырды

Бүгін Алматыда 3 баласымен 9-қабаттан секіріп қайтыс болған Бақтыгүл Қыдырбаеваны жер қойнына тапсырды. Марқұмдардың жаназасы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында күйеуі Нұрсұлтанның үйінде оқылды.

Бақтыгүл Қыдырбаеваның мұндай әркетке не үшін барғаны әлі белгісіз. Алайда, оның туыстары күйеуін айыптайды. Бақтыгүлдің әкесінің қарындасы Оразгүл Мырзабекованың айтуынша күйеубала өзге көңілдес тауып алған көрінеді. Казино, картаға да әуестігі бар. Отбасында ыдыс-аяқ жиі сылдырлайтын болған. Ал Нұрсұлтанның көршілері бұл пікірдің мүлде қате екенін алға тартып отыр. Ішпейтін, шекпейтін жүріс-тұрысы түзу бала болған. Футболға қатты қызығатын. Баласын футбол үйірмесіне беремін деп армандаушы еді дейді туыстары. Істің ақ-қарасында орган қызметкерлері анықтап жатыр.


Талқылау