мал ауруы, індет, вирус, сиыр, Ақтөбе, Алға, Бестамақ, шошқа фермасы,

Батыс Қазақстанда мал ауруы тарап, тұрғындар малды жаппай сойып жатыр

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының тұрғындары аусыл індетінен үрейленіп, бордақылаған сиырларын ерте союға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды azattyq.org.

Бестамақ ауылының әкімі Қанат Дәулетәлин ауылда қанша сиыр аусылмен ауырғанын нақты білмейтінін айтты. Сондай-ақ, тұрғындар індеттен қорқып, сиырларын сойып жатқанын растады.

-Ауырған сиыр күйіс қайрамай, тез арықтауда. Жайылымнан келгенде аузынан көбік ағады. Біраз уақыттан соң тіпті орнынан тұра алмайды. Қазір ауырған малды бөлек қамап, антибиотикпен емдеп жатырмыз,-дейді ауыл тұрғыны Салтанат Нұрғалиева.

Бестамақ ауылының тұрғындары мал ауырған кезде сонау облыс орталығына баруға мәжбүр. Өйткені, аудан орталығында ветеринарлық лаборатория жоқ.

Айта кету керек, былтыр Бестамақ ауылының тұрғындары ауыл маңайында салынған шошқа фермасының жабылуын талап еткен еді. Ақтөбе экономикалық соты экологиялық заңнамаларды бұзған шошқа фермасына ірі көлемде айыппұл салған болатын.

Осыған орай, Алға ауданының әкімі Нұрбол Ержанов Бестамақтағы мал ауруына шошқа фермасының әсері жоқ екенін алға тартып отыр. Себебі, мұндай ауру Бестамақ ауылынан бөлек, тағы үш ауылдан да шыққан. Ал ол жақта шошқа фермасы жоқ.


Талқылау

Ұсыныстар
Омикрон штамы Қазақстанға да жетуі мүмкін
29қараша

Омикрон штамы Қазақстанға да жетуі мүмкін

18:29
Омикрон штамына байланысты бірқатар елдерден Қазақстанға кіруге шектеу қойылды
30қараша

Омикрон штамына байланысты бірқатар елдерден Қазақстанға кіруге шектеу қойылды

11:20