олимпиада, Бейжің, спорт, ауа ластану, экология,

Бейжіңде ауаның ластануы 2022-де өтетін қысқы олимпиада ойыншыларына қорқыныш тудырды

Аида Ермекбаева, Шымкент, (H-News) - Келесі жылы Қысқы олимпиада ойындары Бейжіңде өтетін болады. Ал жаңа академиялық зерттеулер олимпиада ойыншыларының зиян әрі ластанған ауа жағдайында жарысатынын хабарлайды.

Халықаралық Спорт және Қоғам (Sport and Society) журналының зерттеулеріне сәйкес, ойындар өтетін кез - ақпан айында ауа сапасының нашар әрі қауіпті жағдайы 15 күнге дейін жалғасады екен. Бұл мәлімет bbc.com Спорт бөлімінде хабарланған. Еске салсақ, олимпиада ойындары жалпы 16 күнге созылады.

“Бұл мәселе ауада күш салып, бағын сынайтын ойыншылар үшін өте ауыр келеді. Ауада қалып қалатын әрі көрінбейтін бөлшектер өкпеге еніп, ұзақ уақыт бойы қауіп келтіре алады. Сонымен қатар дайындыққа да кедергі келтіруі әбден мүмкін. Біз көміртек, метан, күкірт және тағы басқаларын айтудамыз,” деп баяндаманың авторларының бірі, Нью-Йорк Мемлекеттік Универститетінің көмекші профессоры дәрігер Мадлен Орр өз уайымын жасырмады. Ал Америкалық биатлоншы Мадди Фануф ауа тазаланбаған жағдайда ауада жарысу ойыншылар мен тамашалауға келетін көрермендер үшін өте қиынға соғатынына алаңдайды. Жалпы Бейжіңдегі ауа мәселесі бүкіл халықтың назарына ілігіп отыр.

Қазірде Халықаралық Олимпиада комитеті (International Olympic Committee) жергілікті ұйымдастырушылармен бұл мәселені шешуге ат салысуда.  Бейжің-2022 Ұйымдастыру комитеті 2022 жылғы ойындар уақытында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес келу үшін ауаның ластануын тоқтату бойынша міндеттемелер қабылдады. Бейжің-2022 ауа сапасын жақсарту бойынша күш-жігерін жұмсап үлгерді. Көптеген бастамалар көтерілді,” деп хабарлады BBC Sport.

Бір қызығы әрі қорқыныштысы, Бейжіңде ауа-райы қысқы спорт ойындарына жарамайтындықтан, ойындарды жасанды қарда өткізу тәуелділігі туындап тұр. Яғни, қысқы спорт ойындары да климаттың өзгеруінің ықпалында екені үлкен мәселеге айналып отыр.


Талқылау

Ұсыныстар
Орманға қалай көмектесуге болады?
26наурыз

Орманға қалай көмектесуге болады?

Әсел Өмірсерік, Шымкент, (H-News) - Өткен аптада БҰҰ бекіткен Халықаралық орман күні аталып өтті. Дәлірек айтсақ, 2012 жылдан бастап 21-ші наурыз күні орманның маңыздылығын түсіндіру күніне айналған. Бүгін дәл сіз бен біздің өмірімізге ормандардың қандай әсері барын, әрі, сол байлығымыздан айырылып қалмас үшін жеке азамат ретінде біз не істей алатындығымыз туралы сөз қозғаймыз.

17:34
Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті
10сәуір

Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Ұлыбританияның электр жүйесі Пасха мерекесінде түскі уақытта "ең жасыл" деңгейде болды, деп хабарлайды H-News BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.

12:04
Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді
15наурыз

Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды интеллект көмегімен Ұлыбритания өзендеріне ағатын ластанған сулардың бұрын тіркелмеген жүздеген шығарындылары анықталды, деп хабарлайды BBC.

15:35