криптовалюта, биткоин, қаржы, тесла,

Биткоин бағасы жаңа рекорд орнатты

Жансая Нурбекова, Алматы (H-news.kz). Биткоиннің бағасы алғаш рет 47 мың доллардан асып түсті. Қарқынды өсу Тесла компаниясының жаңартылған инвестициялық саясат шеңберінде осы криптовалютаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салатынын жариялағаннан кейін басталды.

9 ақпан, сейсенбі күні таңертең, биткоин 23,28 пайызға қымбаттап, 48 119 долларға жетті. Материал жарияланған кезде құны 47 829 долларды құрады. Ал алдыңғы ең жоғары деңгейде биткоин 45000 доллардан асқан.

Тесла биткоинға үлкен көлемде инвестиция құйып қана қоймай, болашақта компанияның автомобильдері мен қызметтерін сатып алу үшін криптовалюта қабылдайтынын мәлімдеді.

Құжаттарға  сәйкес, 2021 жылдың қаңтарында Tesla операциялық өтімділікті сақтауды қажет етпейтін қорлардан табысты әртараптандыруға және максимизациялауға икемді көзқарас үшін өзінің инвестициялық саясатын жаңартты. Олардың компаниясы «белгілі бір балама резервтік активтерге», соның ішінде криптовалютаға ақша сала алады.


Талқылау

Ұсыныстар
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қашан инвестициялай алады
18ақпан

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қашан инвестициялай алады

Жансая Нурбекова, Алматы (H-news.kz). Келесі аптадан бастап Қазақстан азаматтары жинақталған зейнетақы қаражатын жеке басқарушы компаниялардың басқаруына бере алады. Бұл туралы сәрсенбіде брифинг барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу мәлімдеді.

14:03