демография, статистика, Ұлттық статистика бюросы, көші-қон,

Биыл Қазақстанға 6339 адам келіп, 22685 адам кеткен

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйке Қазақстанға 2021 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында тұрғылықты тұруға келгендердің саны 6339 адамды, ал елімізден кеткендердің саны 22685 адамды құрады. Айырмашылық көрсеткіші 16346 адам.

Көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттерімен өтуде. Ал ел ішіндегі қоныс аудару көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 7,3%-ға артқан. Еліміздің 4 өңірінде көші-қонның жоғары көрсеткіші байқалды: Алматы (20235 адам), Нұр-Сұлтан (18390 адам), Шымкент (9276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 қыркүйекке еліміздегі халық саны 19042,1 мың адамды құрады. Бұл былтарғы жылмен салыстарғанда 257,1 мың адамға немесе 1,4% көп. Ал қайтыс болғандар 117,6 мың адамды құрады. Бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6% жоғары. Сондай-ақ 2129 нәресте шетінеген. Өткен жылмен салыстарғанда 10,1% артқан.

Айта кетейік, Қазақстанда ерлердің үлесі 48,6 әйелдердің үлесі 51,4 пайызды құрайды.


Талқылау