5G, интернет, желі, технология,

Биыл Қазақстанның үш қаласында 5G желісі іске қосылады

Жыл соңына қарай еліміздің үш қаласында 5G желісі іске қосылмақ. Бұл жайлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

«Министрлік Қазақстан Республикасы аумақтық принцип негізінде радиожиілік спектр (бұдан әрі – РЖС) тарату бөлігінде 5G желісін енгізу стратегиясын әзірледі. Үздіксіз 100 МГц жолағын бөлу мүмкіндігі бар 3,6 – 3,9 ГГц диапазонындағы жиіліктер белгіленді. Сондай-ақ, Қазақстанда 5G технологиясын енгізу және іске асыру мерзімдері белгіленген. Қазақстанда 5G желісін 2022 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар қалалар– Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте, ал 2023-2025 жылдары облыс орталықтарында іске қосу жоспарланып отыр”,-делінген ведомствода.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana Hub IT стартаптар халықаралық технопаркі аумағында пилоттық 5G желісі іске қосылған. Алматы мен Шымкентте арнайы техникалық сынақтар ұйымдастырылып, базалық станциялардың орындары анықталуда. Ал, еліміздегі облыс орталықтарында 5G желісін 2023-2025 жылдары іске қосу жоспарланып отыр.


Талқылау