Шымкент, спорт басқармасы, ұлттық құрама, спорт,

Биыл Шымкент қаласынан 1072 спортшы ҚР Ұлттық құрама сапына енген

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша құрама сапына енген 1072 спортшының 433 - ересектер, 413 - жастар, 226 – жасөспірімдер.

-Шымкенттік спортшылар спорттың 61 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 362 алтын, 342 күміс, 377 қола медаль жеңіп алды. Ал жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары, 62 алтын, 34 күміс және 43 қола медальге қол жеткізді,-деді Ә.Нұртаев.

          Айта кетейік, биылғы жылы қалада 856 спорттық нысан тіркелген. Оның ішінде: 3 стадион, 1 спорт сарайы, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 6 спорттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж (жеңіл атлетикалық-3, футбол-1, ат манежі-1), 1 есу базасы, 5 тир, 1 ату алаңы, 1 хоккей корты, 436 жазықтықты құрылғылар, 23 теннис корты, 1 ипподром, 8 бассейн, 255 спорт зал, 70 орнатылған спорт залдар бар.


Талқылау