
Редакция
Биыл Шымкентте улы газдан 10 адам көз жұмған
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Мадир Жақсыбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың 7 оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 12 адам қайтыс болып 1 адам жарақат алған. Биылғы жылу беру маусымында улы газдан уланудың 10 оқиғасы тіркеліпті. Салдарынан 10 адам қайтыс болып, 4 адам жарақаттанған.
Осыған орай, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудан әкімдігі қарқынды түрде үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы төтенше жағдайларға жүргізілген талдауға сәйкес, жыл сайын еліміз бойынша автокөлік құралдарының 2 мыңнан астам жануы орын алады. Бұған негізінен газбен жүретін көліктер себеп болады. Сондықтан қазіргі таңда жер асты паркингтерге де ескерту белгілері ілініп, насихат жұмыстары жүргізілуде.