Абылай хан, Шоқан Уәлиханов, сурет,

Бізге жеткен Абылайдың суреті ханның өзі емес болып шықты

Жас тарихшы Нұрқожа Ерсайын Абылай ханның суретін жоққа шығарды. Бізге жеткен суреттегі адам Абылай ханның өзі емес, оның немересі болып шыққан.

1771-1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы Абылай ханның бізге жеткен бейнесі өзінікі емес. Абылай хан жақында ғана билік етсе де, бізде оның бірде бір фотосуреті жоқ. Есесіне оның немересі Шоқан Уәлихановтың суреттері жетіп жатыр. Суретшілер ханның суретін салғанда негізінде оның сипаттамасына жүгінеді. Бірақ бұл жолы жұмыс қиынға соқпады. Шоқанның суретін алып оған сақал мен қалпақты қоса салған. Сондықтан бұл суретте Абылай емес Шоқан Уәлиханов бейнеленген - дейді тарихшы өзінің әлеуметтік желілерінің бірінде. 

Абылай хан бертінде өмір сүрсе де бізге ешқандай фотосуреті жетпеген, тіпті сақталмағанын айтуда. Себебі ол заманда қазақ хандарының көпшілігі мұсылмандар болған соң суретке түспеген, салдырмаған да көрінеді.

Гүлім Мұратали


Талқылау