жас ғалым, жалақы,

Бизнес саласына ұштасып жасалған ғылыми жоба иелерінің жалақысы өседі

Банк және май саласына қарағанда ғалымдардың айлығы аз екені әмбиеге аян. Алайда енді бұл көрініске тоқтау қойылуы мүмкін. Бұл туралы өткен брифингте ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки хабарлады.

Дархан Ахмед-Зәки жас ғалымдардың шетелдік тағылымдамалардан өтіп жатқанын мәлімдеді. Осы арқылы ғылым саласына жас буын қажеттігі туындап отыр.  Және Жас ғалым атты жаңа бағдарлама енгізіліп, грант иегерлері тұрақты түрде бес жүз мың теңге аясында жалақы алатынын айтты.

«Бизнес саласына ұштасып жасалған ғылыми жоба иелерінің жалақысы өседі. Сондай-ақ ауылшаруашылығына байланысты өнертабыстар мен ғылыми зерттеулерге арналып лабораториялар санын арттыруды көздеп отырмыз»,-деді Ахмед Зәки Дархан.

Айта кетейік, қаржыландыру конкурстарын алдын ала хабарлау себебі, егер грантқа іліккен жағдайда бюджеттің кешігу қаупі бар. Және бұдан былай ғалымдар ғылыми жұмыспен айналысқандықтан өзге педагогикалық біліктіліктен бас тартуына болады. Бұл туралы «бәріміз білетіндей ғылыми жұмысты іске асыру оңай істер қатарынан емес. Бұл уақытқа дейін грантқа іліккен ғалымдар педогогикалық біліктілігін бірге алып жүруі тиіс болды. Енді тек ғылыми жұмыспен айналасуына болады. Және басқа саламен айналыспас үшін жалақысы да дәл уақытында төленіп отырады» деп сендірді ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы.

Әсел Абдикер


Талқылау