
Редакция
Блогер Руслан Жанпейісов қамауға алынды
«Полициялар аңшысы» аталып кеткен қоғам белсіндісі Руслан Жанпейісов Шымкент қаласында тұтқынға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау қызметкерлерінің мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны 18 маусым күні полиция департаментіне дене жарақатын алғанын айтып, арызданған.
«Деректер "Бұзақылық" және "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеуге тіркелді. Сонымен қатар, құқық қорғау органының қызметтік міндетін атқаруда «Билік өкілін қорлау» фактісі бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Руслан Жанпейісов қазіргі таңда Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,-деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.