болашақ бағдарламасы, болашақ, оқу, стипендия,

«Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура, резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Өтінім 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Тағлымдамаға құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады. Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді. Биыл магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60 пайызға дейін ұлғайтылды. Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған. Жалпы, басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді. «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу жалпы 3 кезеңнен тұрады. Олар-кешенді тестілеу, тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау бөлімдері.


Талқылау