ұбт, тест, білім, емтихан,

ҰБТ-2023: Қаңтар айындағы ҰБТ-да 160 адам тәртіп бұзушылықпен ұсталып, тестілеуден шеттетілді

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып жүру әрекеттері былтырғы жылға қарағанда азайған. Қаңтар айында осындай заңбұзушылықтарға жол берген 160 өтініш берушінің қорытындысы жойылды.

Айта кетейік қаңтар айында ҰБТ тестілуін 123000-ға жуық талапкер тапсырды. Оның ішінде 95000 (77%)- қазақ тілінде, 28000 (23%) орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тапсырды. Сонымен қатар 274 ерекше оқу қажеттілігі бар бала тест тапсырды. ҰТО директорының сөзінше, 102000 талапкер шектік баллды жинады, бұл 83 пайызды құрайды. ҰБТ орташа баллы 76 баллды құрайды, ең жоғары балл 139 балл. Мониторинг жұмыстары әлі де жүргізілуде, егерде қандай да бір ережелерге сәйкес келмейтін фактілер анықталған жағдайда талапкерлердің нәтижесі жойылады.

Тестілеу кезінде 98 адам аудиториядан шығарылған және олардың нәтижелері жойылды. Ал 62 талапкер тестке  кіру барысында тыйым салған заттарды алып кірмекші болғандықтан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен шеттетілді. Айта кететін жайт биылғы қаңтар ҰБТ тапсыру барысында бөгде адамдардың кіріп тест тапсыру фактісі анықталмаған.

Тестілеуден өткендердің ең көп саны, яғни 19,2% пәндерді Математика-физика пәндерін тапсырған. Талапкерлердің 18%-ы «Биология-химия» комбинациясын, 10%-ы шығармашылық емтиханды таңдаған. IT-бағыттарына түсу үшін қажет «Математика-информатика» жаңа комбинациясын ҰБТ қатысушыларының 10%-ы таңдады»- деді өз сөзінде Руслан Емелбаев.

Пәндердің саны өзгеріссіз қалды – үш міндетті және екі факультативтік. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде ҰБТ-2023 жаңа форматы бойынша Қазақстан тарихы – 20, математикалық сауаттылық – 15, оқу сауаттылығы – 15 және екі бейіндік пән бойынша әрқайсысында 35 сұрақтан берілді. Ең көп ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағатқа созылады.

2022 жылдың қазан айында үміткерлерге тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі берілді. Ол үшін тестілеушілерге ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, сынақ тестілеуіне өту қажет болды.

Гүлім Муратали


Талқылау