ұбт, тест, электронды формат, пандемия, карантин,

ҰБТ электронды форматта өтетін болды

Ермекбаева Аида, Шымкент (H-News) - Биыл электрондық тестілеу арнайы компьютерлік бағдарламалар және БАҚ құралдарының көмегімен әділ және қауіпсіз түрде өткізіледі. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев онлайн баспасөз конференциясында хабарлады.

Конференцияда кезекші мұғалімдер болмағанымен, тестілеу барысында әрбір қатысушының іс-әрекеттері бейнежазбаға сақталынатынын және прокторинг жүйесі жұмыс жасайтынын ескертті. Әділет мырзаның айтуынша  биылғы ҰБТ-ның ұтымдылығы белгілі бір күнге ғана белгіленбеуінде. Әрбір алыста немесе жақын жерде тұратын оқушы уақыт пен тапсыратын жерін 3 ай бойы уақытта өзі таңдайды. Ал жалпы 51 тапсыратын орталықтар қарастырылды. 

Ғылым және білім министрлігінің ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша  қорытынды жауап тест біткен соң бірден белгілі болады. Сонымен қатар техникалық ахаулар болса немесе оқушы қорытынды жауаппен келіспеген жағдайда аппеляцияға сол мезетте 30 минут ішінде тапсыра алады. Тестілеу барысын ата-аналар https://education.kz/ сайтында көре алады. Қауіпсіздік үшін санитарлық талаптар сақталынады.


Талқылау