чемпиондар лигасы, еуропа лигасы, футбол, пандемия,

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтары қашан өтетіні белгілі болды

Чемпиондар лигасының 1/8 қалған матчтары 8-9 тамыз аралығында өтуі мүмкін, деп хабарлайды gazeta.ru

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) коронавирустық пандемияға байланысты наурыз айында тоқтаған Чемпиондар лигасын - 2019/20 аяқтау жоспарын әзірлеудің соңғы кезеңінде. Испан AS басылымының хабарлауынша, мини-турнир өтетін аймақ ретінде Лиссабон  қаласы таңдалды. Ұйымдастырушылар Лиссабонның таңдау себебін коронавируспен ауырғандар саны төмендігімен түсіндірді. Сонымен қатар, «Хосе Алваладе» және «Стадион да Луз» стадиондары бір-бірінен бірнеше шақырым жерде орналасқан, бұл ұйымдастырушылар үшін ыңғайлы болмақ.

1/8 финал кезеңінен өткен командала жабық есіктің артында ойнайды.  Турнирдің шешуші матчы 23 тамызда «Стадион да Луз» стадионында жоспарланған.

Ал Еуропа лигасы Германияда дәл осындай ретпен ойнатылады. Еуропа Суперкубок матчы  Будапешт қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 ойындары  Испанияда ойнатылады.

Еске салсақ, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды. Бұған дейін БАҚ-та Чемпиондар лигасы-2019/20 маусымының ойындары  Стамбулда емес, басқа қалада өтетіні туралы ақпарат тараған болатын. Бейсенбіде УЕФА 17 маусымда атқарушы комитеттің отырысында финалдың өтетін күні мен орны туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді.


Талқылау