Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, экология, ауа-райы, ластану, климат,

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: "Климаттың өзгеруі - денсаулыққа үлкен қауіп"

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шығарған жаңа баяндамада климаттың өзгеруі "адамзаттың денсаулығына зиян келтіретін бірден-бір үлкен қауіп" екендігі айтылды, деп хабарлайды Halyqnews.

Дүйсенбі күні талқыланған баяндамадаға сәйкес, климаттың өзгеруі қазірдің өзінде миллиондаған адамдардың өмірі мен денсаулығына әр түрлі әсер етіп жатыр. Бұл жағдайда ешкім өзін қауіпсіз сезіне алмайды, оның ішінде табысы төмен қауымдастықтағы адамдардың салыстырмалы түрде зиян шегу қаупі аса зор.

Аталмыш қауіп-қатерге ыстық ауа-райы, дауыл мен су тасқыны секілді жиі орын алып жатқан экстремалды ауа-райы оқиғалары, сондай-ақ азық-түлік жүйесінің бұзылуы, жануарлар популяциясынан аурулардың таралуы, азық-түлік пен судан пайда болатын аурулар мен психикалық бұзылулардан туындайтын зиян немесе өлім жатады.

Климаттық дағдарыс пен оның денсаулыққа әсерін жоюға көмектесу үшін 150-ден астам ұйым, 400 сарапшы мен денсаулық сақтау мамандары үкіметтерге 10 ұсыныс-кеңес айтты. Оның ішінде қалалық ортаны және транзиттік жүйелерді қайта қолға алу, азық-түлікпен қамтамасыз етудің «сау, тұрақты және серпінді» жүйесін ынталандыру бар.

Бұл баяндама 2005 жылдан бері бірінші рет қайта қаралды. Ұйым ауаның ластануын адам денсаулығына ең үлкен экологиялық қауіп екенін баса айтты.

Бұл тұжырымдар 31 қазанда Глазго қаласында (Шотландия) өтетін COP26 деп аталатын БҰҰ -ның климаттың өзгеруі жөніндегі ірі халықаралық конференциясы алдында жарияланбақ.


Талқылау

Ұсыныстар
Индонезиялық белсенділер пластикалық қалдықтардың 10 000 данасынан мұражай салды
7қазан

Индонезиялық белсенділер пластикалық қалдықтардың 10 000 данасынан мұражай салды

16:07