жүрілген көлік, автокөлік, жол апаты, экспорт, экология,

Дамушы елдердегі жүрілген көлік экспортының қоршаған ортаға әсері

БҰҰ-ның жаңа баяндамасында дамушы елдердегі жүрілген автокөлік экспортының қоршаған орта мен экологияға әсері жайлы айтылған.

БҰҰ баяндамасы - Найроби, 2020 жыл

АҚШ, Еуропа мен Жапониядан дамушы елдерге жеткізілген миллиондаған жүрілген көліктер, автофургондар мен микроавтобустардың сапасы төмен. Баяндамада бұл ауаны ластап қоймай, климат өзгерісінің әсерін жеңілдетуге де кедергі жасайтыны жазылған.

Құжатқа сәйкес, 2015-2018 жылдар аралығындағы қолданылған жеңіл көліктің әлемдік экспорты 14 миллионды құраған. Оның 80%-ы табысы төмен елдерге, жартысынан көбі Африкаға экспорталады.

“Қолданылған автокөліктер мен қоршаған орта: қолданылған жеңіл транспорттың Әлемдік шолуы: ағымы, ауқымы мен жүйелеу” - бұл саяси вакуумды импортер елдерде әлдеқайда таза әрі қауіпсіз автопарктермен толтыруға шақыратын алғашқы баяндама.

Ғаламдық автопарк ауа ластаушы негізгі көз

Тез өсетін ғаламдық автопарк - ауа ластаушы әрі климат өзгерісіне әсер ететін негізгі этап. Әлемдік транспорт секторына энергетикалық сектормен байланысты парниктік газ қалдықтарының 4/1 келеді. Әдетте транспорт қалдықтары - ауа ластануының ең негізгі себебі боп жатады - құрамында майда қатты бөлшектер мен азот оксиді бар.

“Дамыған елдер қауіпсіздік тексерісін өтпеген, өз елдерінде эксплуатацияға жарамсыз көліктерді экспорттағанды доғарғаны жөн. Ал импорттаушы елдер сапа стандартын біраз қатаңдатуы керек” - дейді ЮНЕП-тің атқарушы директоры Ингер Андерсон.

146 елдегі импорт пен экспортты жүйелеу саясаты

146 ел тәжірбиесі негізіндегі сараптама елдердің ⅔-ң қолданылған көлік импортын жүйелеу саясаты “әлсіз” немесе “тым әлсіз” екені анықталған. Алайда, баяндамада қолданылған көлік импортын жүйелей алған елдер жоғары сапалы қолданылған көлікті, гибридтік және электрлі көлікті қолжетімді бағада ала алатыны көрсетілген.

Мысалы, Мароккода жасы 5 жылдан аспайтын, транспорт қалдығы бойынша Европалық стандартқа Eur04 талабына сай көліктер экспортына ғана рұқсат етілген. Нәтижеде сырттан бұл елге тек салыстырмалы “заманауи” әрі жағдайы жақсы көліктер ғана әкелінеді.

Баяндамада қолданылған көліктің үлкен бөлігі (40%) Африкаға тасылмаданатыны жазылған. Сондай-ақ бұл тізімде Шығыс Еуропа елдері (24%), Азия-Тынық мұхит аймағы (15%), Таяу Шығыс (12%), Латын Америкасы (9%) бар.

Экологиялық жағдайдан бөлек, ескі көлік экспорты жол көлік апаттарының артуына да себеп болады. Баяндамаға сәйкес, транспорт қолданудың “әлсіз” және “өте әлсіз” ережелері бекітілген Малави, Зимбабве, Бурунди мен Нигерия сынды елдерде жол көлік апатынан болатын өлім деңгейі жоғары екені анықталған.

БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі бойынша қорының қатысуымен қолданылған автокөліктердің минималды стандартын енгізу бойынша жоба ең алдымен Африка елдеріне бағытталып отыр. Марокко, Алжир, Кот-д’Ивуар, Гана, Маврикий сынды бірқатар Африка елдері қазірде минималды сапа стандартын енгізіп үлгерді, өзге елдер де бұл бастамаға қызығушылық танытуда.

Баяндамада қолданылған көлік саудасын әлдеқайда детальді сараптау үшін қосымша зерттеулер жасалуы керек деген қорытынды жасалған.


Талқылау

Ұсыныстар
Неге 300-ге жуық бренд Black Friday науқанына қатысудан бас тартты?
26қараша

Неге 300-ге жуық бренд Black Friday науқанына қатысудан бас тартты?

Елдің ірі сауда орындары мен түрлі брендтер 90%-ға дейінгі жеңілдіктер ұсынатын бұл күн шопинг сүйерлердің жылдың асыға күтетін «мейрамына» айналған. Биылғы Black Friday 27 қарашаға дөп келіп тұр. Алайда, бұл науқанды экологияға жасалған шабуыл деп есептейтіндер де жоқ емес.

12:08
Климат өзгерісімен күрес рейтингінде 61 елдің ішінде Қазақстан 54-орында
7қараша

Климат өзгерісімен күрес рейтингінде 61 елдің ішінде Қазақстан 54-орында

Қазақстанның климат өзгерісімен күрес индексі 33,39-ды құрады, - деп жазады Energyprom.

14:51
Экологиялық сауатты арттыратын отандық 4 мобильді қосымша
25қараша

Экологиялық сауатты арттыратын отандық 4 мобильді қосымша

Қоқыс сұрыптау, қалдықтарды қабылдайтын пунктер, ауа сапасын бақылау, құқық бұзушылық туралы мәлімдеу және экология туралы соңғы жаңалықтарды мобильді қосымшалар арқылы білуге болады.

15:02