Димаш Құдайберген, онкология, аурухана, қайырымдылық,

Димаш Құдайберген Қазақстанның онкология ғылыми орталығына қайырымдылық жасады

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Әйгілі қазақ эстрада әншісі Димаш Құдайберген 16 қаңтарда Tixr American стримингтік платформасында Dimash Digital Show тікелей эфиріндегі концертінен түскен қаражатты Нұр-Сұлтандағы жетекші онкология ұлттық ғылыми орталығына аударды. Бұл жөнінде HalyqNews dimashnews.com сайтына сүйене отырып хабарлайды.

Концерттен жиналған қаражат кереуеттер, мүгедектер арбалары, хирургиялық қалпақшалар, қолғаптар, хирургиялық бетперделер, көзілдірік, бетті қорғау құралдары, зертханалық халаттар және N95 респираторларын сатып алуға жұмсалды.

"Коронавирустық инфекциясы бар онкологиялық науқастарға арналған мамандандырылған бөлімшеде жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныс құралдары өте маңызды," - деді орталық төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сатыбаев dimashnews.com сайтына берген сұхбатында.

Ол әншінің көмегі үшін алғысын білдірді. "Бұл көмек біз үшін өте жақсы. Біз берілген гуманитарлық көмекті белсенді түрде пайдаландық және оны пациенттеріміздің игілігі үшін пайдалана береміз," - деп қосты ол.

Оның айтуынша, ауыр сырқаттан үмітін үзетін науқастар үшін өнер өте маңызды және ол адамның алға жылжуына көмектеседі.


Талқылау