дизель, жанармай, Мағзұм Мырзағалиев, энергетика министрлігі, тапшылық, қымбатшылық,

Дизель отынының тапшылығы неден туындап отыр?

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев дизель отыны тапшылығының негізгі себебі «тауар құнының көрші елдерге қарағанда төмендігі», деп мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Қазақстан халықаралық дәліз болғандықтан шетелдік жүк көліктерінің әрқайсы айына шамамен 4 тонна дизель отынын әкетеді. Сондықтан биыл, кейінгі екі жылмен салыстырғанда, бір айда 100-140 мың тонна дизель отыны артық сатылған. Бұл мәселені шешу үшін Ресейден қосымша дизель отынын сатып алу керек.

«Біз осы қазан айында 100 мың тонна импорт туралы келсімге қол жеткіздік. Әрине, баға өседі, өсті, оны өзіміз көріп отырмыз. Дегенмен, баға реттелмейді. Бізде нарықтық баға»,- деді министр.


Талқылау

Ұсыныстар
Әлемдегі ең қымбат қалалар белгілі болды
2желтоқсан

Әлемдегі ең қымбат қалалар белгілі болды

15:02