доллар, теңге, валюта, курс, қаржы,

Доллар тағы көтерілді

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді, - деп хабарлайды HalyqNews Қазақстан қор биржасының KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.

Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,04 теңгеге көтеріліп, 431,51 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 433,06 теңгені, сату 434,73 теңгені құрап отыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 433,21 теңгеден сатып алынып, 434,71 теңгеден сатылуда.

Жалпы Ұлттық банктің 20-22 қарашадағы доллардың ресми бағамы 430,43 теңге.


Талқылау