Джо Байден, сайлау, президент, ақ үй, саясат, ақш,

Джо Байден – қарт президент, «байденизм», сайлауалды науқандағы плагиат

Құрама Штаттардың су жаңа президенті Джо Байден 20 қаңтарда өз қызметіне кіріседі. Президенттік креслоға жетпес бұрын, Байден мырзаның қызметтік мансабы мен жеке өмірі тартысқа толы болғанын байқаймыз. Осы орайда АҚШ тарихындағы ең кәрі президент туралы қызықты фактілерді ұсынбақпыз.

·       Байден 1942 жылы 20 қарашада дүниеге келген. Ақ үйдегі АҚШ тарихындағы ең қарт президент. Байденнің ата-анасы Солтүстік Ирландиядан. Байден Америкадағы Джон Кеннедиден кейінгі екінші католик президенті болады: АҚШ-тағы христиан халқының басым бөлігі протестанттар.

·       Байденнің саяси мансабы өте жылдам дамыды. 1972 жылы ол АҚШ Сенатына сайланды. Ол кезде небәрі 29 жастағы Джо - ел тарихындағы бесінші ең жас сенатор атанды.

·   1972 жыл Байден үшін үлкен жетістіктер жылы ғана емес, сонымен бірге үлкен трагедия жылы болды. Желтоқсанда Байденнің әйелі Нейлия мен олардың 13 айлық қызы жол апатында қаза тапты. Екі ұлы - үлкені Бо мен кішісі Хантер қатты жарақаттанып, бірақ аман қалды.  Байден сенаторлық антты ауруханада қабылдауға мәжбүр болды.

·   Байден президенттік сайлауға жетіп, үшінші сәтте ғана жеңіске жетті. Біріншісі сонау 1988 жылы болған. Байден тағы да жас саясаткердің бейнесін барынша ұтымды қолданбақшы болады, бірақ оның басты қарсыласы Майкл Дукакис оны Ұлыбритания лейбористік партиясының жетекшісі Нил Кинноктың сөздерін сілтеме жасамай пайдаланды деп, ол үшін Байден плагиатқа айыпталды.

·  Байден, 2008 жылы Обаманың жеңісінен кейін, оның шақыруы бойынша вице-президент болып тағайындалды. Вице-президент ретінде Байден сыртқы саясатқа белсенді қатысты. Атап айтқанда, ол Ауғанстандағы америкалық контингенттің көбеюіне және Ирактан америкалық әскерлердің шығарылуына қарсы танытты.

·   Байденнің үлкен ұлы Бо 2015 жылы 46 жасында ми ісігі салдарынан қайтыс болды. Ол АҚШ-тың әділет министрлігінде қызмет атқарған.

·     Делавэр штатының бас прокуроры болып сайланды. Кенже ұлы Хантер бірнеше рет дау-дамайдың алдында болғаны рас.

·   Байден бірнеше рет көзқарасының өзгеруіне немесе тіпті ашық өтірік айтқандығымен көзге түсті. 2002 жылы Байден АҚШ-тың Иракқа басып кіруін қолдады, бірақ содан кейін өзінің позициясын күрт өзгертті.  Байденнің бұрынғы қызметкерлерінің бірі Тара Рид оны жыныстық қысым көрсетті деп айыптады. Ал Байден болса еш қиналмастан қызметкерді “есімде жоқ” деп жауап береді.

·   Сайлауалды науқан кезінде Байден Трампқа, оны «ұйқылы Джо» деп атауға негіз беріп, бірнеше жаңылыстар жасады. Байден өзінің президенттікке емес, сенаторлыққа үміткер екенін, әпкесі мен әйелін шатастырғанын, Америка Құрама Штаттарындағы коронавирустың өлімімен қателескені жұрт есінде. Оның сөзінше ел тұрғындарының үштен екісі қайтыс болыпты-мыс. Байденнің жиі жаңылысуына байланысты, тіпті «байденизм» деген сленг термині де пайда болды.

·   Президенттікке үміткерлердің алғашқы дебаты кезінде кекештілікпен күресу туралы сөйлесіп, өзінің нөмірін аталмыш сырқатпен күресіп жатқан студентке беруге келісім берді. Ол атап өткеніміздей жиі шатасуымен танымал. Мысалы, ол эфирде Барак Обаманы денсаулық сақтау туралы заңға қол қоюымен құттықтап, балағат сөздер айтты.

 

 


Талқылау