экология, мобильді қосымша,

Экологиялық сауатты арттыратын отандық 4 мобильді қосымша

Қоқыс сұрыптау, қалдықтарды қабылдайтын пунктер, ауа сапасын бақылау, құқық бұзушылық туралы мәлімдеу және экология туралы соңғы жаңалықтарды мобильді қосымшалар арқылы білуге болады.

Halyqnews экологиялық сауатты арттыратын отандық 4 мобильді қосымша тізімін жасады:

1.     Tazalyk – қалалардағы қалдық өткізу пунктерін табуға көмектесетін мобильді қосымша. Сондай-ақ, қосымша арқылы қоқыс өткізгендерге ақы төленеді немесе рейтингте көп балл жинағандар сыйлық ала алады. Tazalyk қосымшасынан қоқысты қайта өңдеуге қандай материалдар қабылданады, оны қандай күйде өткізу керек деген сұрақтарға жауап таба аласыз.

2.     EcoCity – бұл қосымша да Tazalyk сияқты қоқыс өткізу пунктерін көрсетеді. Қоқыс түрлері, маркировкаларына анықтама береді.

3.     Zhasyl Qalqan – елдегі экологиялық жағдайды бақылауға арналған қосымша. Бұл қосымшада экологиялық құқық бұзушылық туралы жазып кетуге болады. Сонымен қатар, Экологиялық акцияларға қатысуға және қала тұрғындары отырғызған ағаштарды тіркеп, картада көрсетуге болады. Күнделікті ауаның ластану деңгейі, елдегі ағаштардың қажетті саны көрсетілген.

4.     Air kz – бұл қосымшаның көмегімен халық Қазақстанның барлық аумағындағы атмосфералық ауаның сапасын бақылай алады. Мобильді қосымша картасында барлығы 46 елді мекен бар. Пайдаланушы қажетті орынды өзі таңдай алады немесе геолокацияны қолдана алады.


Талқылау