экология, өрт, төтенше апат,

Экологтар әлемдегі табиғи апаттар санының артуын тіркеді

Жансая Нурбекова, Алматы(H-news.kz) – Әлемде 2000 мен 2020 жылға дейінгі аралықта 11 мыңнан астам төтенше табиғи апаттар тіркелді. Нәтижесінде 480 000 адам қайтыс болды. Осы уақыттағы материалдық шығын 2,56 трлн. долларды құрады.

Табиғи экстремалды құбылыстар санының көбеюі климаттың өзгеруіне тікелей байланысты. Бұл Germanwatch экологиялық ұйымының мамандары жасаған тұжырымдар. Зерттеулерге сүйенсек, дамушы елдерде дауыл, су тасқыны немесе құрғақшылық сияқты табиғи апаттар көбірек орын алады. Бірақ табиғи апаттардан келетін зиян дамыған елдерде де артып келеді.

Рейтингке сәйкес, 2019 жылы Мозамбик, Зимбабве және Багам аралдары табиғи апаттарға ең осал болды. Үздік ондыққа Жапония, Малави, Ауғанстан және Үндістан да кіреді. Мозамбикке, Зимбабвеге және Малавиге Үнді мұхитының батысында тіркелген ең жойқын циклон - Идай тропикалық циклонының әсері қатты тиді.

Соңғы 20 жылдағы ауа-райының төтенше жағдайларының әсерін қарастыратын ұзақ мерзімді индексте Пуэрто-Рико, Мьянма және Гаити ең көп зардап шеккен. Олардың артынан Филиппиндер, Мозамбик және Багам аралдары келеді.

Германия бұл индекс бойынша 18-ші орынды иеленді. Germanwatch мәліметі бойынша, Германияда 20 жыл ішінде 10 700-ден астам адам табиғи апаттардың құрбаны болды. Сондай- ақ экономикалық шығындары жылына орта есеппен 3,54 миллиард еуроны құраған.


Талқылау

Ұсыныстар
Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті
10сәуір

Пасха уақытында Ұлыбританияның электр жүйесі «ең жасыл» деңгейге жетті

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Ұлыбританияның электр жүйесі Пасха мерекесінде түскі уақытта "ең жасыл" деңгейде болды, деп хабарлайды H-News BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.

12:04
Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді
15наурыз

Жасанды интеллект Ұлыбритания өзендерінде анықталмай келген қалдықтарды тіркеді

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды интеллект көмегімен Ұлыбритания өзендеріне ағатын ластанған сулардың бұрын тіркелмеген жүздеген шығарындылары анықталды, деп хабарлайды BBC.

15:35
Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды
10сәуір

Азық-түлік түбіртегінен өнімнің климатқа әсерін бақылайтын цифрлық құралдар пайда болды

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Азық-түлік өндірісі мен оның таралуы бүкіл парниктік газдар шығарындыларының шамамен үштен бірін құрайды. Бірақ тұтынушуға тамақтанатын заттарының климатқа әсерін өлшеу қиын.

12:33