Елорда, астана, Нұр-сұлтан, ауа райы, экология, ластану,

Экологтар Нұр-Сұлтандықтарға ескерту жасады

Қазақстандағы экологтар қауымдастығы тұрғындарға алаңдаушылық білдіре отырып, терезені ашпауға, көшеде ұзақ уақыт маскасыз жүрмеуге шақырды.

«Елордада түтін, қаладағы ауаның ластану деңгейі тым жоғары. Терезелеріңізді ашпаңыздар, көшеде ұзақ уақыт маскасыз жүрмеуге кеңес береміз. Сондай-ақ, жүгіру мен көшедегі өзге де белсенділіктерден әзірге бас тартқан абзал», - делінген ұйымның instagram хабарламасында.

«Түтін себебі – көмір жануы, сіздердің ауада көріп тұрғандарыңыз - жанған отын өнімі, яғни PM 2.5, PM 10 өлшенген заттары мен газға ауысқанда шығарылатын күкірт тотығы.

Газға көшу туралы шешім 2018 жылы қабылданып, «Сарыарқа» газ құбыры салынды. Осыдан бері қала тұрғындары газ тарттыра бастағанымен, жекелеген үйлер әлі газға қосылып үлгермей, көмір жағып отыр. Бұл мәселені газға қосылу өтемақысы мен газ қазандықтарын сатып алу механизмін қайта қарау арқылы шешуге болады».

Экологтар қауымдастығының төрағасы 2017 жылдан бері түтін мәселесін белсене көтеріп келеді. Хабарламада көмір сапасын жіті бақылап, жекелеген үйлерді газға көшірудің ынталандыру жолдарын құру және қала ішіндегі шығарындылар мөлшерін азайту керек екені айтылған.

 

 


Талқылау

Ұсыныстар
Мағзұм Мырзағалиев: Пандемия елдің экомәдениетінің төмендігін байқатты
5қаңтар

Мағзұм Мырзағалиев: Пандемия елдің экомәдениетінің төмендігін байқатты

Алдағы уақытта мектептер мен балабақшаларда елдің экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында экологиялық сағаттар өткізілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

16:59
Венгерлік ғалымдар пластикті ыдыратушы бактерия ойлап тапты
11қаңтар

Венгерлік ғалымдар пластикті ыдыратушы бактерия ойлап тапты

14:31