қоршаған орта, бюджет, алматы,

Елдегі барлық өңірлер арасында тек Алматыға ғана қоршаған ортаны қорғауға қаржы бөлінбеген

10 жыл ішінде Қазақстанның қоршаған ортасын қорғауға шамамен 370 миллиард теңге инвестицияланды. Ал 2020 жылы Республиканың барлық өңірлерінің арасында тек Алматыға ғана қоршаған ортаны қорғауға қаржы бөлінбеген. Ескере кетсек, Алматы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары қалалардың бірі. Бұл туралы finprom.kz сайтына сілтеме жасап

h-news.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар бір жылда 24% - ға ұлғайып,  92,5 млрд теңгеге жетті. Өткен жылда бұл көрсеткіш 74,6 млрд теңгені құрады. Соңғы үш жылда сектордағы инвестициялар жылына орта есеппен 94,7% - ға өсуде.

Жалпы алғанда, соңғы он жылда қоршаған ортаны қорғауға 368,8 млрд теңге бағытталды.

Қоршаған ортаны қорғауға ең көп инвестиция Ақмола облысына бөлінген - 27,5 млрд теңге. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

Ал елдегі ластану деңгей жоғары қалалардың бірі Алматыға инвестиция мүлдем бөлінбеген. Ластану деңгейі жоғары қалаларға Алматыдан басқа Нұр-сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Шымкент, Теміртау және Семей жатады.


Талқылау

Ұсыныстар
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газға көшіру жобасы мақұлданды
20қазан

Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газға көшіру жобасы мақұлданды

Бірнеше жылдық талқылаудан соң Үкімет Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылдады: енді ол газға көшіріледі.

15:55
Алматыдағы ЖЭО-лар газға көшіріледі
15қазан

Алматыдағы ЖЭО-лар газға көшіріледі

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикалық холдингі Алматыдағы барлық станцияларды көмірден газға ауыстырады. Компания хабарламасына сәйкес, холдинг қазіргі уақытта ЖЭО-3-ті (Жылу электр орталығы) жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге қажетті корпоративтік рәсімдерді бастады.

15:23
Алматы билігі автотранспортты экологиялық бақылаудан өткізуге 331 миллион теңге жұмсамақ
30қыркүйек

Алматы билігі автотранспортты экологиялық бақылаудан өткізуге 331 миллион теңге жұмсамақ

«Тапсырыс беруші – ҚМУ «Алматы қаласының жасыл экономикасын басқару»; атауы - экологиялық мониторинг қызметтері; қосымша сипаттамалар - Алматы қаласындағы көлік құралдарының экологиялық мониторингі жөніндегі қызметтер; жоспарланған сома - Т331 706 750; бірінші жылға - Т41 706 750, екінші жылға - Т290 000 000», - делінген сәрсенбіде мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

17:40