
Редакция
Елдегі гидротехникалық құрылыстардың сапасы сын көтере ме?
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин республикадағы су тасқыны алдындағы гидрометеорологиялық жағдай және ағымдағы жылдың су тасқыны кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы айтты.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі өз баяндамасында: "2023 жылғы 1 ақпан айындағы жағдай бойынша жазық аумақтағы қар жамылғысының ылғалдылығы негізінен орташа жылдық көрсеткіштерден жоғарырақ. Ақпан айындағы консультативтік болжамға сәйкес, облыстың басым бөлігінде ауа температурасы жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөліктерінде нормаға жуық оның ішінде Атырауда, Маңғыстауда, Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Ақтөбеде және кей жерлерде нормадан аз болады деп күтілуде. Қостанай облыстарының батыс аймақтарында және Түркістанда, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстік жартысында нормадан артық деген болжам күтілуде.
Гидротехникалық құрылыстарды тасқын суларын өткізуге дайындау мәселесіне келсек, республика аумағында барлығы 1806 тіреуіш гидротехникалық құрылыс бар екендігі айтылды. Жыл басында 1322 гидротехникалық құрылыс тексерілді, 471 нысан жөндеуді қажет етеді, оның ішінде 94-і республикалық меншікте, 327-сі коммуналдық меншікте, 44-і жеке меншікте, 6 нысан иесіз деп танылған.
Барлық ГТС иелеріне судың қауіпсіз өтуі бойынша тиісті шаралар қабылдау және қажетті инертті материалдар мен жабдықтарды дайындау бойынша ұсыныстар берілді.
"Қазіргі уақытта ірі су қоймаларындағы жинақталған су көлемі 60-75 пайызды құрайды. Ағын су көлемі қалыпты шектерде болады деп күтілуде, ал барлық су қоймаларында тасқын суын қабылдауға еркін мүмкіндіктер бар", - деді вице-министр Ғалидолла Азидуллин.
Сондай-ақ министрлік Сырдария өзені бассейні мен Шардара су қоймасындағы су шаруашылығының жағдайын тұрақты бақылауда ұстайтындығын айтты. Мәселен, бүгінгі таңда Шардара су қоймасының көлемі 4676 млн м3, Көксарай қарсы реттегішінің көлемі 1438 млн м3 құрайды. Су қоймасына құйылатын су 1101 м3/сек, Сырдария өзенінің төменгі ағысына құйылатын су 900 м3/сек, Көксарай қарсы реттегішінің су алуы 350 м3/сек, төменгі ағысына ағызу. Сырдария өзені 550 м3/сек-ты құрайды. Шардара су қоймасының бос сыйымдылығы 524 млн м3, Көксарай қарсы реттегіші 362 млн м3. Жалпы бос қойма сыйымдылығы 886 млн м3 құрайды.
Қазіргі уақытта қауіпсіздік пен үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда, Әйтек, Қазалы және Ақлақ су электр нысандары пайдалану ережелеріне сәйкес транзиттік режимге көшірілді.
Сонымен қатар, су тасқыны қаупі жоғары өңірлерде кезекшілік кестелері бекітілді, су шаруашылығы жағдайы тұрақты бақылауға алынды, барлық ГТҚ-да тасқын суларының апатсыз өтуі бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді және бекітілді, қажетті резервтер тасқын суларын жинақтау үшін су қоймаларында бос резервуарлар құрылуда, көршілес мемлекеттерде орналасқан трансшекаралық су объектілерінде судың жинақталуына талдау жасалуда.
«Жалпы, республикалық меншіктегі су шаруашылығының жағдайы біздің министрліктің тұрақты бақылауында», - деді Ғ.Азидуллин сөз соңында.
Еске салайық, Қазақстанда 9 ақпанда боран соғып, жаңбыр жауады деп күтілуде. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығыс аймақтары, солтүстігі алдағы уақытта да циклондық науаның ықпалында болады. Сонымен қатар, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлануда.
Гүлім Муратали