шетел ақша, қаржы, заң, комиссия,

Елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша комиссия құрылды

Қазақстанда ел азаматтары шетелге заңсыз шығарған қаражатты қайтару бойынша арнайы комиссия құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев комиссияның қызметін бақылауды өз қолына алмақ.

«Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады. Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы өзі бақылайтын болды», - делінген БОРТ N1 Тelegram-арнасындағы хабарламада.


Талқылау