
Редакция
Электр желісінде тағы да апат: Алты облыс жарықсыз қалды
Еліміздің алты облысында жарыққа шектеу қойылды. Электр энергиясының негізгі тапшылық себебі электр желісіндегі апат болған.
“KEGOK” АҚ хабарлауынша сағат таңғы 09:23 шамасында технологиялық қорғану шарасымен “Екібастұз-Ағадыр” электр беру желісі апатты түрде ажыратылған.
Қазір осы желіге қарасты Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде электр энергиясына шектеу енгізілді. Бұл өңірлерде шамамен 600мВт көлемдегі энергиямен жабдықтауда зиян тигізген. Бұл тұтынудың 10% жуық мөлшерін құрайды.
“KEGOК” АҚ желісінің апатқа қарсы автоматикасы штатты режимде іске қосылып, оңтүстік пен орталық аумақта жарық толық сөнуінің алдын алды”,- делінген хабарламада.
Қазір жарық сөнген тұтынушыларға қайта электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Желіге келген зақымды анықтап, түзету үшін бригадирлер жіберілген.
Дінмұхаммед Тансық