мемлекеттік жәрдемақы, зейнетақы, әлеуметтік төлем, жәрдемақы,

Елімізде 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлем және жәрдемақы өседі

«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар артады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа заңа сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейі 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды. Ал ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейінде (42 500 тг) қала береді.

- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 7% - ға арттырылады, бұл ретте оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 %- ға ұлғаяды, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрайды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері асыраушысынан айырылған не айырылмағанына, тобына, себебіне, күнөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты болады.

Сондай-ақ, мүгедек баланы кәмелеттік жасқа дейін тәрбиелеп отырған анасы не әкесіне неесе асырап алушысына берілетін жәрдемақы 43 657 теңгені құрайды.   

Ал «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (табысына қарамастан) 16 973 теңгені құрайды.

- Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы да көбейеді: бірінші, екінші және үшінші балаға - 100 776 теңгеге дейін (38 АЕК), төртіншісі үшін - 167 076 теңгеге дейін (63 АЕК). Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі баланы күтуге ай сайынғы жеңілдіктер: бірінші балаға - 15 276 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға - 18 061 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға - 20 819 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға - 23 603 теңге (8,9 АЕК), деп жазылған хабарламада.

Бұлардан бөлек, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізуді көздейді. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға - 42 496 теңге; 5 балаға - 53 127 теңге; 6 балаға - 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға - 74 388 теңге.

 


Талқылау